Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету
Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету
Кез келген елдегі сияқты Қазақстанда да халық денсаулығын қорғау басты орында. Сол үшін де мемлекет медициналық көмек сапасына және оған деген қолжетімділікті арттыруға баса назар аударып келеді. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын реформалау және дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар осының көрінісі.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі – бірінші кезекте басым мақсаттарды айқындауда және оларды шешуге барлық мүмкін ресурстарды бағыттауда жатыр.
Талас ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020– 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының индикаторларында белгіленген халық денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту арқылы түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мақсаты біртіндеп орындалып жатқанын айтады. – Бағдарламаның басты мақсаты – сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету. Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту – басты міндет. Сол үшін де медициналық көмектің сапасын арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамытуға баса көңіл бөлініп келеді. Бағдарламада адамның өмір сүру жасының ұзақтығын 2025 жылға қарай 74,5 жасқа дейін ұлғайту көзделген. Осы жылы жалпы өлім-жітім көрсеткіштері, одан бөлек туберкулезден аурушаңдық және өлім-жітім, қатерлі жаңа түзілімдерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.
Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласын әрі қарай дамытуда аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру басым бағыттың бірі ретінде қарастырылып отыр. Осы орайда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіненгізу аурухананың жұмысын едәуір жақсартқанынатап айтқан жөн. Қазіргі таңда КТ және МРТ сияқты қызметтерді МӘМС жарнасын төлейтін барлық азаматтар тегін өте алады ( МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін, ол қызметті тек зейнеткерлер және балалар тегін ала алатын).
Сонымен қатар, 2022 жылы МӘМС шеңберіндежалпы соммасы 474161396,79 тенгеге 3567 адам емделді.
Ұжымдағы әр маманның кәсіби, адами қасиеттерінің және бірліктің көрсеткіші ретінде орталық ауруханадағы көрсетілетін медициналық қызмет те, ұдайы жалғасын табатын әрбір ізгі бастама да нәтижелі жемісін беріп келеді. «Келер жылы да денсаулық сақтау саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу көзделген. Оған МӘМС жүйесінің септігі тие беретіні анық.
Бастысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау саласына қатыстыберген тапсырмаларын орындау, алға қойғанмақсаттарға сай әрі қарай жұмысты жалғастыру бізүшін маңызды міндет болып қалатының» бас дәрігер Есмахан Әуесбекұлы атап өтті.