Жаңалықтар

Жамбылдық шаруаларға Алматы қаласындағы Алтын орда базарынан тегін сауда орындары бөлінді

Жамбылдық шаруаларға Алматы қаласындағы Алтын орда базарынан тегін сауда орындары бөлінді

Сауда комитеті Алматы қаласындағы «Алтын Орда » базарынан Түркістан және Жамбыл облыстарының фермерлеріне өз өнімдерін халыққа тікелей сату үшін сауда орындарын тегін пайдалануға ұсынды.

Сату орындарында барлық жағдай қарастырылған. Саудагерлер үшін  жайлы орын, бейнебақылау камералары да бар. Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығына (8 7273 195 160, 8 747 059 7054) немесе «Altyn Orda Open» телеграм чатына хабарласыңыз.