Әдебиет

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Баймаханбет АХМЕТ.

Тарихтың тұмса үні еді Шамырқанған, ширыққан... Атойлы айқай-сүрені – Тәңірден жеткен бұйрықтан!

Жұдырық кекпен түйілді, Айналды алау отқа енді Толқын да толқын буынның Көкіректерінде кеткен мұң!

Ашылды бір жол шындыққа, Келді кез елді құт жайлар: Бәленбай ғасыр булыққан Бұғаудан босап шықты ойлар!

Тітіреп әлем үнінен Кезеулі сәтте талайға оқ, Жарқ етті ғапыл-дүнием Аршылған жұмыртқадай боп.

Қаламын тосын сый ма деп Әділдік билік құрған тұс... Кеудеге жиыла-жиыла кеп, Бұрқ та сарқ ақтарылған күш!

Осы еді бақыт, бағым да Бұйырды, жетті бүгінге, Қазақтық – рух пен қанында, Азаттық – асқақ үнінде...