Әлеумет

Құтқарушылар даярлау курсына қатысты

Құтқарушылар даярлау курсына қатысты

5-7 маусым аралығында облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 15 қызметкері Жамбыл медициналық колледжінің аймақтық симуляциялық орталығында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша медициналық білімі жоқ адамдарды (парамедик) даярлау курсына қатысты.

Азаматтық қорғау қызметкерлерінің аталған бағыттағы курсқа қатысуын ұйымдастыру жұмыстары жедел құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің құтқарушы-мейірбикесі Дина Каримбаеваға жүктелді. Жалпы, кез келген төтенше жағдайлар мен өрт оқиғалары кезінде жедел медициналық жәрдем қызметі келгенге дейін әрбір өрт сөндіруші-құтқарушы зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете білуі тиіс. Ал, бұл өз кезегінде бірнеше жанның өмірін құтқарып қалуға септігін тигізеді. Адамдар қандай да түрлі білімді игерсе, ол ешқашан да артықтық етпейтіні белгілі.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП