Әлеумет

Бір күнде 30 шақыртуға шықты

Бір күнде 30 шақыртуға шықты

8 маусымда Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында орналасқан шаруа қожалығының дән-дақыл сақтау қамбасынан өрт шықты. Оқиға орнына Құлан ауылының өрт сөндіру бөлімінің 3 автокөлігі, Меркі ауданынан 2, Сарыкемер ауылынан 1 өрт сөндіру автокөлігі келіп жеткен.

Өртті сөндіруге барлығы 30-дан астам адам жұмылдырылған. Оқиға орнында 2 газ-түтіннен қорғау буыны жұмыс атқарған. От жауынгерлері «қызыл жалынды» екі сағаттан астам уақытта жойды. Өрт салдарынан қамбаның темір жабындылары зақымдалып, 400 тонна арпа, 400 тонна пісте жойылды. Сондай-ақ, дәл сол күні Қордай ауданы, Мұзбел ауылындағы тұрғын үйдің ауласында қора өртке оранса, Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылында тұрғын үй өртенген. Сондай-ақ, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы «Қазфосфат» зауытының ауласында орналасқан цехтың ішінен өрт шыққан. Бұл күні облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары мұнан өзге қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғасына 23 рет, электр сымының қысқа тұйықталу оқиғасына – 1 рет, апаттық-құтқару жұмыстарына – 1 рет, тұрғындардың құлыптанып қалған есіктерін ашып беру жұмыстарына 3 рет шыққан.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП