Әлеумет

Жаңа төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

Жаңа төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

Юрий Ильин қызметінен босатылғаннан кейін бұл лауазымға Президент жарлығымен Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы тағайындалды. Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы — 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.

2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы. 2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы. 2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарды.