Денсаулық

Даму мен болашақ

Даму мен болашақ

Елімізде қазынашылық жүйесінің құрылғанына биыл 20 жыл толды. Осы жылдары қазынашылық қызметкерлерімен көптеген жұмыстар атқарылуы арқасында қазынашылық жүйесі еліміздің қаржы саласында өзінің орнын ала білді. ТМД елдерінің арасында бірінші болып қаржы саласында қазынашылық жүйесін енгізді. Әсіресе, еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бері нарықтық-экономикалық өсім алған уақыттары, бюджеттік реформа жүргізіліп, соның нәтижесінде қазынашылықтың бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл ақпараттық жүйе салық және тағы да басқа бюджет төлемдерін уақтылы аудару, бюджет шығыстарын өткізу, қаржы ресурстарын тиімді басқаруды жүзеге асырды.

Алғашқы жылдары қаржы ресурстарын мемлекет тарапынан шығысын бақылау үшін Қазақстан Ұлттық банкі бірыңғай қазынашылық шоты ашылды. Бұл қаражаттарды бір қолда аккумулитивтендіру үшін ыңғайлы болды. Сөйтіп, мемлекет қаражаттың шығысы мен кірісін бақылай алды. Жыл сайын қазынашылық жүйесі жаңғыртылып отырылды. Алғашында «Баск», «Баск-М», «Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі» пайда болса, бертін келе қазынашылық пен мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді әрі оперативті түрде жүргізу үшін «Қазынашылық – клиент – электронды құжат» айналымы ақпараттық жүйесі енгізілді. Жүйенің тиімді екенін уақыт дәлелдеп отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға, қағаз, уақыт және көлік шығындарын қысқартуына игі ықпал ететін болады. Сонымен бірге, қаржылық құжат айналымының өңделуінің уақытын қысқартты. Кез-келген қаржылы құжат бір жұмыс күні ішінде өңделеді. Қазіргі кезде республикамызда қазынашылық саласында бес мыңға жуық қызметкер жұмыс атқарады. Олар бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын, уақтылы игерілуін қамтамасыз етіп отыр.

Еркін Шаймағанбетов, Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.