Спорт және туризм

Ел біріншілігіне жолдама

Ел біріншілігіне жолдама

Таяуда облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында дзюдодан облыстық чемпионат өтті. Айтулы жарыста №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің мақтанышы Аида Нұрғазы +63 салмақта жүлделі ІІ орынды иемденді. Осылайша, ол алдағы уақытта жасөспірімдер арасында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды. Жас спортшының бапкері Жасұлан Бибазаров шәкіртінің ел біріншілігінде топ жаруы үшін тыңғылықты дайындалатынын жеткізді.