Кәсіпкер спорт алаңшасын сыйға тартты
Кәсіпкер спорт алаңшасын сыйға тартты
Бүгінде Мойынқұм ауданы ірі индустриалды аймаққа айналып келеді. Онда жұмыс істеп жатқан зауыт басшыларының іргесіндегі елді мекендерге тигізер көмегі де артуда. Мәселен, Мыңарал ауылдық округінде орналасқан «Жамбыл Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы Мыңарал ауылының балаларына арнап футбол алаңшасын салып берді. Аталған компания еңселі, барлық құрал-жабдықпен жабдықталған спорт алаңына 22 миллион теңге жұмсаған. Мұнда шағын футбол алаңшасымен қатар, «Street workout» алаңы да бой көтерген. Сонымен қатар, алаңшаға орындықтар қойылып, көше жарығы орнатылған. Айта кету керек, биыл облыста спорт саласына жергілікті бюджеттен 13,3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда облыс көлемінде 23 спорт нысанының құрылысы жүруде десек, жыл соңына дейін оның 16-сы пайдалануға берілмек. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 129 елді мекенде заманауи спорт алаңшасын, ал, 2027 жылға дейін барлығы 59 спорт нысанын соғу жоспарлануда.
Диас ҚҰЛИБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенті.