- Advertisement -

Жеңіс күнінде

78

- Advertisement -

Соғыс бітіп, атқанда тыныштық таңы,

Қуаныштан құлпырды ырыс-құт бағы.

Отандастар тойлады жеңісті сонда,

Бір-біріне бауырлас, туыс боп бәрі.

ҚАЙЫРМАСЫ:

Жеңіс күнінде,

Үлкен-кіші шаттығын бөлісті бірге.

Ән шырқалып тағы да береке-бірлік,

Шеру құрды бейбіт күн кеңістігінде.

Жеңіс күнінде,

Толып жатыр құлпырып жер үсті гүлге.

Енді біз де елімнің ертеңі үшін,

Атқарайық пайдалы көп істі бірге.

Жеңіс күні біз үшін үлкен қуаныш,

Тыныштықтың әр күні жанға жұбаныш.

Осы күнге жеткізген ардагерлерге,

Тағзым етіп, айтамыз біздер мың алғыс.

ҚАЙЫРМАСЫ:

Жеңіс күнінде,

Үлкен-кіші шаттығын бөлісті бірге.

Ән шырқалып тағы да береке-бірлік,

Шеру құрды бейбіт күн кеңістігінде.

Жеңіс күнінде,

Толып жатыр құлпырып жер үсті гүлге.

Енді біз де елімнің ертеңі үшін,

Атқарайық пайдалы көп істі бірге.

Байрағымыз биіктен желбірегенде,

Не жетеді бақыттың көшіне ергенге.

Сарбаздарым сап түзеп, тұрсын тек қана,

Салтанатты жиын мен мерекелерде!

ҚАЙЫРМАСЫ:

Жеңіс күнінде,

Үлкен-кіші шаттығын бөлісті бірге.

Ән шырқалып тағы да береке-бірлік,

Шеру құрды бейбіт күн кеңістігінде.

Жеңіс күнінде,

Толып жатыр құлпырып жер үсті гүлге.

Енді біз де елімнің ертеңі үшін,

Атқарайық пайдалы көп істі бірге.

 

Әні: Әбдірайым УАШЕВ

Сөзі: Бақытжан ӘЛІҚҰЛОВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support