- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

78

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Осы орайда, облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар шаралар қабылдануда.

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижелері үшін жеке жауапкершіліктерін арттыру және өздерінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін болдырмау үшін пәрменді шаралар қабылдануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының талаптарын қатаң сақтап, құқықбұзушылықтарға жол бермеу және оның алдын алу мақсатында Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен жиналыстар өткізіліп, нақты тапсырмалар беріледі.

Басқарма қызметкерлерімен 2022 жылы 4 жиналыс өткізілсе, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 1 жиналыс өткізіліп, қызметкерлерге хаттамалық тапсырмалар берілді.

Басқарма орналасқан ғимараттың дәлізінде ақпарат алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыптарында стенділер орналастырылған.

Сонымен қатар, қалың жұртшылықтың мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық және әкімшілік ақпараттарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың интернет-ресурсында нормативтік-құқықтық актілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарына арналған арнайы бөлімдері ашылып, тиісті ақпараттармен толықтырылған және тұрақты түрде жаңартылып тұрады.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер толықтай электронды нысанда «Электронды үкіметтің» веб порталы арқылы жүргізіледі және қызметті беруші мен алушы арасында тікелей қатынас үзілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау залы арнайы бейнекамерамен жабдықталған.

Оған қоса, жеке және заңды тұлғалардың кез келген өтініштері «eOtinish» ақпараттық жүйесінде тіркеліп, қолданыстағы заңнамалар аясында нақты жауаптар беріліп тұрады.

Басқармада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітіліп, ол интернет-ресурста жарияланды.

2023 жылдың қыркүйек айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесі бойынша талдамалық анықтама әзірленді.

Ішкі талдау нәтижесінде 6 ұсыным жинақталды. 3 ұсыным нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша, қалған 3 ұсыным ұйымдастырушылық бағытта орындалатын шараларды қамтыды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері портал арқылы электронды түрде өткізіледі. Келісімшарт жұмыстары және қызметтерді орындау актісі де электронды түрде жүргізіледі.

Бюджеттік бағдарламалар электронды түрде «Ашық бюджет» порталында жарияланады.

Басқарманың атқаратын функциясына қатысты нормативтік- құқықтық актілерге тұрақты түрде құқықтық мониторинг жүргізіліп тұрады. Жыл басынан 3 құқықтық мониторинг жүргізіліп, қорытындысы бойынша талдамалық анықтама және құқықтық мониторинг жүргізу кезінде құқық нормалары кемшіліктерінің жоқ екені туралы анықтама әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар үнемі бақылауда болады.

 

Қайрат БИСЕМБАЕВ,

облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support