- Advertisement -

Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылына кәсіпкерлер спорт алаңшасын сыйға тартты

12

- Advertisement -

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округінде орналасқан «Жамбыл Цемент» Компаниясының басшылығы ауыл балаларына футбол алаңшасын сыйға тартты.

Компания есебінен бой көтерген спорт алаңшасына 22 миллион теңге қаражат жұмсалған. Мұнда шағын футбол алаңшасымен қатар «Street workout» алаңы да бой көтерген. Сонымен қатар алаңшаға орындықтар қойлып, көше жарығы орнатылған.

Айта кету керек, Жамбыл облысында ағымдағы жылы спорт саласына жергілікті бюджеттен 13,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда облыс көлемінде 23 спорт нысанының құрылысы жүруде десек, жыл соңына дейін оның 16-сы қолданысқа берілмек. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 129 елді мекенде заманауи спорт алаңшасын, ал, 2027 жылға дейін барлығы 59 спорт нысанын соғу жоспарда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support