- Advertisement -

Мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген заңды көмек

21

- Advertisement -

Ата Заңымызға сәйкес әрбір адам өз құқығын қорғауға құқылы екені белгілі. Бірақ, барлығының бірдей адвокат, заң консультант, нотариус, жеке сот орындаушы немесе өзге құқықтық қорғау субъектісін жалдауға мүмкіндігі жоқ, оларға мемлекеттік бюджет есебінен заңды көмек ұсынылатынын біле бермейді. Осы жерде мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген заңды көмек туралы айта кетейік.

Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек – сотта және қылмыстық қудалау органдарында жеке тұлғалардың мүдделерін ұсыну және қорғау, құқықтық кеңес беру, құқықтық ақпарат беру түрінде тегін негізде (мемлекет есебінен) жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін білікті заңды көмек. Заңды көмек өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдармен, адвокаттармен, заң консультанттарымен, нотариустармен, жеке сот орындаушылармен ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте және жағдайда көрсетіледі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі төмендегі қағидаларға негізделеді:

заңдылық;

мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегіне мұқтаж жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;

мемлекет кепілдік берген, көрсетілетін заң көмегіне теңдей қолжетілімдік және оның сапасы;

мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсетілетін мәселенің құпиялылығын қамтамасыз ету;

тиімді мемлекеттік реттеу және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасын сақтауын бақылау қағиғаттарына негізделеді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі құқықтық ақпарат беру және құқықтық консультация беру түрлерінен тұрады. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру түрінде көрсетіледі.

Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалар құқылы. Құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегі алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі келесідей тұлғаларға да көрсетіледі:

– мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;

– асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

– жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

– Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;

– кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;

– кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға).

Сонымен қатар, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыларға да көрсетіледі.

Адвокат және заң консультанттарымен көрсетілетін мемлекеттік заңды көмекті төлеу бюджеттік қаржы есебінен жүргізіледі.

 

Жамбыл облыстық Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support