- Advertisement -

Заңсыз жүрген «тапшан-көлік» анықталды

55

- Advertisement -

«Абайлаңыз, балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Газель» маркалы автокөлікті тоқтатады. Тәртіп сақшылары көлікті тексеру кезінде ерекше деректі анықтайды. Нақтылай түссек, автокөліктің салоны отыратын тапшанға айналғаны белгілі болды. Атап айтқанда, салон ішінде 12 жолаушы болса, оның 5-уі бала екені анықталды.

Бүгінгі таңда көлікті тізгіндеген азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, азаматтың төленбеген бірнеше айыппұлы болғандықтан, оған автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынған.

– Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екендігі және Ресейге табыс табу үшін бара жатқаны анықталды. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең бастысы, біз дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің теріс нәтижесінің алдын алдық. Автокөлік айыптұраққа қойылды, – деді облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Дәулетбек Жанғабылов.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support