Заңсыз жүрген «тапшан-көлік» анықталды

Заңсыз жүрген «тапшан-көлік» анықталды
Бүгінгі таңда көлікті тізгіндеген азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, азаматтың төленбеген бірнеше айыппұлы болғандықтан, оған автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынған. – Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екендігі және Ресейге табыс табу үшін бара жатқаны анықталды. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең бастысы, біз дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің теріс нәтижесінің алдын алдық. Автокөлік айыптұраққа қойылды, – деді облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Дәулетбек Жанғабылов.
Есен ӨТЕУЛІ