Бір күнде 250 құқықбұзушылық анықталды

Бір күнде 250 құқықбұзушылық анықталды
Бұдан бөлек, жол қозғалысын қадағалау кезінде көлік басқару құқығынан айырылған адамның автокөлік басқаруы және алкогольдік масаң күйде болуының 2 дерегі белгілі болды. Сондай-ақ, тағы 1 жүргізушінің көлікті мас күйінде басқаруы, 8 жүргізушінің көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғандығы анықталды. Ал, қауіпсіздік белбеулерін пайдалану ережелерін сақтамаудың 34 дерегі анықталса, 43 автокөліктің техникалық ақауы бар болып шықты. Нәтижесінде 12 көлік айыптұраққа қойылды. Бұл күні тәртіп сақшылары тіркеуде тұрған тұлғалар мен қару иелерін де бақылауды жүзеге асырды. Ішкі істер органдарында есепте тұрған 106 азамат пен 33 қару иесі тексерілді. Оның 3-уі қаруды сақтау ережелерін бұзған. Сондай-ақ, тіркеусіз жүрген 11 азамат анықталды.