Героин контрабандасының жолы кесілді
Героин контрабандасының жолы кесілді
Бұл күні бұрын есірткі сақтағаны үшін сотты болған Алматы облысының тұрғыны құрықталды. Күдікті әйелден салмағы 700 грамнан асатын «героин» есірткі затының 2 полиэтилен пакеті тәркіленді. Айта кетейік, тәркіленген 16 миллион теңгенің партиясы 1500-ден астам адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. – Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 286-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы) және 297-бөлігі 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Есен ӨТЕУЛІ