- Advertisement -

Шөп шабу науқаны басталды

88

- Advertisement -

Биыл аймақтағы агроқұрылымдар күшімен 770,4 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітековтің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда егістік алқабы биыл 14,4 мың гектарға ұлғайған. Егіс алқабының 216,3 мың гектарына жаздық масақты дәнді дақылдар, 72,1 мың гектарына майлы дақылдар себілген.

Бұдан бөлек, дәндік жүгері 18,8, көкөніс 44,8, бақша дақылдары 16,9, картоп 11,8, қант қызылшасы 10,8, біржылдық жоңышқа 27,9 және көпжылдық шөп 30,8 мың гектар алқапқа орналастырылған.

–Биылғы көкте гі дала жұмыстарына қажетті 89,8 мың тонна тұқым толығымен қамтамасыз етіліп, егіс алқабына 6893 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға бөлінген 15,5 мың тонна дизель отынының 14 мың тоннасы 204-214 теңге аралығында таратылды. Сондай- ақ, биылғы егіс алқаптарына 54 мың тонна тыңайтқыш алу жоспарланса, бүгінгі күні шаруалар тарапынан 12,6 мың тонна тыңайтқыштар алынып, ол 31,6 мың гектарға сіңірілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облыстағы 78 шаруашылық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» бағдарламасы аясында 1 миллиард теңге несие алды, – дейді басқарма басшысы.

Бүгінгі таңда аймақ шаруашылықтары шөп ору науқанына қызу кірісіп кеткен. Биыл 352,4 мың гектар алқаптың жоңышқалығын жинау көзделген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 мың гектарға артық.

– Биыл облыста 2,7 миллион тоннадан астам мал азығын дайындау көзделіп отыр. Атап айтсақ, агроқұрылымдар күшімен 2,1 миллион тонна пішен, 95 мың тонна пішендеме, 442 мың тонна сабан, 95 мың тонна сүрлем дайындау жоспарлануда. Қазіргі таңда Байзақ, Жамбыл, Меркі, Қордай мен Шу аудандарында шөп ору науқаны қызу жүргізілуде. Аймақта 184,4 мың гектар көпжылдық және 27,9 мың гектар біржылдық шөп, 135,1 мың гектар табиғи шабындық, 4,7 мың гектар сүрлемдік жүгері ору жоспарланған, – дейді басқарма басшысы Нұрби Жігітеков.

Бүгінгі таңда 3 мың гектарға жуық көпжылдық шөп орылса, 2,4 мың тонна пішен дайындалған.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support