- Advertisement -

Көкөніс бағасы неге құбылып тұр?

79

- Advertisement -

Бұған дейін көкөніс бағасы біршама шарықтап кеткен болатын. Қазіргі таңда баға тұрақтанып келеді. Өткен жылғы көкөніс бағасымен салыстырғанда биыл нарық бағамы төмен. Оған жылыжайлардың облысымызда көптеп салынуы да сеп болғандай.

Көкөністің ішінде қызанақ пен қияр бағасына тоқталар болсам, оның бағасы бірде жоғары, бірде төмен болып құбылып тұр. Мәселен, Ниетқалиев көшесіндегі «Жанара» дүкенінде қызанақтың бір килограмы 450, ал, қияр 300 теңгеден өткерілуде. Сатушы Сабыр Қасыбаевтың айтуынша, алдыңғы айда қызанақтың бір килограмы 600 бен 500, ал, қияр бағасы 500 бен 400 теңгенің аралығында болыпты.

«Magnum» сауда орталығындағы қызанақ бағасы өзге сауда орталықтарына қарағанда жоғары. Мәселен, мұнда бір килограмм қызанақты 750, қиярды 437 теңгеге алуға болады. Бәліш, самса секілді ұннан жасалған тағамдар бөліміндегі сатушы Роза Заматқұлованың айтуынша, мұндағы қызанақ пен қияр бағасы күнделікті өзгеріп отыратын көрінеді. Соған қоса бұл сауда орталығында жеңілдіктер азық-түлік пен көкөніс бағасына да қаралған екен.

«Small» сауда орталығында қызанақ бағасы 500, ал қияр 400 теңге екен. Ал, «Ауыл-Береке» базарында Бақыткүл Күләйнова сатып тұрған қызанақтың бір килограмы 500, ал қияр бағасы 400 теңге екенін айтты. Алдыңғы айда бұл өнімдердің бағасы 700 бен 650 теңге болып келген еді дейді. Ал, қыс айларында оның бағасы 1500-1200 теңгеге барыпты. Биыл сауда жақсы жүруі үшін бір килограмын 350 мен 360 теңгеден беріп жатыр екен.

Сонымен қатар, қызанақ пен қиярдың қыс мезгілінде қымбат болатынын да айтқан ол оның жылыжайдан жеткізілетіндігімен байланыстырды. «Ауыл-Береке» базарының сыртындағы ең арзан көкөніс «Золото» деген дүкенде екен. Мұнда қызанақ пен қияр бағасы басқа дүкендерге қарағанда өте арзан болып шықты. Ол арадан қызанақтың 1 килограмын 250, ал қиярды 200 теңгеге аласыз. Сатушы Фатима Ислаимованың сөзіне қарасақ, бұл өнімдер Сарыағаштағы жылыжайдан жеткізілуде екен.

«Алдыңғы жылы қызанақ және қияр бағасы 350 бен 700 теңгенің аралығында болды. Ал, қазір баға тұрақтанған. Сонымен қатар, қазір бау-бақшамен айналысатын жылыжай шаруашылықтары өңірімізде көбейіп келеді. Бұл да бағаның тұрақтануына өз септігін тигізуде, – дейді Фатима Ислаимова.

 

Дариға АСҚАР,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің веб-журналистика мамандығының 2-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support