- Advertisement -

Көк байрағымыз көкте желбірей берсін!

110

- Advertisement -

4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күні облысымызда кең көлемде аталып өтті. Мерекеге орай облыс деңгейінде бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, бұл күні Тараз қаласындағы бірқатар мекемелер мен тұрғын үйлердің терезелеріне Мемлекеттік Ту ілініп, құрмет көрсетілді.

Бұдан соң мерекелік вело және автошеру қала көшелерімен жүріп өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында қала тұрғындарының қатысуымен «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық форумы өтті. Іс-шара барлық қатысушылардың Мемлекеттік Гимнді бірге орындауымен ашылды.

Айта кетейік, бұл күнгі шаралар орталықтағы бірқатар мекеме және кәсіпорындардың қызметкерлері мен тұрғындардың бір уақытта Мемлекеттік Гимнді қатар орындауымен айшықталды.

Форумда облыстың тумасы, Мемлекеттік Тудың авторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Шәкен Ниязбековтің туғанына 85 жыл толып отырғандығы айрықша аталып, тұлға рухына құрмет көрсетілді.

Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров жиналғандарды мерекемен құттықтап, Мемлекеттік Рәміздердің мән-маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, патриотизмді нығайтуға, облыстың қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Форум патриоттық сарындағы концерттік бағдарламаға ұласты.

Мұндай мерекелік шаралар облыстың барлық аудандарында да ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

 

Әсем АСЫЛБЕК,

Аяжан ОЛЖАБАЙ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенттері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support