Жаңалықтар

Тараздықтар халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

Тараздықтар халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды. Аймақ басшысы балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерттің құрметті қонағы болып, тәрбиеленушілердің өнерін тамашалады.

Нұржан Нұржігітов балаларға естелік сыйлықтар табыс етті. Айта кетейік, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша жүзеге асып жатқан «Мейірім» жобасы аясында облыстағы мемлекеттік мекемелері мен ірі кәсіпорындарының басшыларына осы орталықтың бірқатар тәрбиеленушілерін қамқорлығына алған. Бұдан соң облыс әкімі Қ.Рысқұлбеков және Орталық саябаққа ат басын бұрды. Балалар мерекесіне орай облыс орталығында көрмелер, шығармашылық фестивальдер, спорттық жарыстар, қолөнер және сурет салу бойынша шеберлік сыныптары, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, тегін балмұздақтар таратылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі