- Advertisement -

ҚАЖ қызметкерлері қос бүлдіршінді қуантты

65

- Advertisement -

1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекеменің

қызметкерлері бірқатар бүлдіршінге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары облыс орталығындағы қайраткер Қабылбек Сарымолдаев атындағы балалар үйіне арнайы барып, ондағы тәрбиеленушілердің қуанышын бөлісті.

— Бұл күн балалардың құқығын қорғап, қамқорлық танытып қана қоймай, оларға ерекше қуаныш сыйлайтын мейрам.  Жалпы, балаларға көңіл бөлу олардың өзін-өзі құрметтеуге, әлеуметтік ортаға бейімделуіне және жеке тұлға ретінде дамуына өз септігін тигізері сөзсіз, — дейді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.

Айта кетейік, дәл осы №26 мекеменің қызметкерлері аталған балалар үйіндегі қос бүлдіршінді қамқорлықтарына алған. Балалар күніне орай бүлдіршіндерге киім-кешек, ойыншық пен тәттілер үлестірілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support