- Advertisement -

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысында кемшіліктер бар

70

- Advertisement -

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы отырысы өтті. Кеңестің кезекті басқосуында «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысыжәне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары бүгінгі жағдайы туралы мәселелер шығарылды.

Комиссия отырысына партия облыстық филиалының төрағасынің орынбасары Ермұхан Жұмабек және Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, сонымен бірге, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасының басшылары «ZOOM» конференциясы арқылы аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары мен жауапты бөлім басшылары, аумақтық комиссия төрағаларықатысты.

Айта кетерлігі, аймақта «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар нысандар бой көтеруде. Дегенмен кемшіліктер де жоқ емес. Ол бойынша партия тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Шарада Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бахыт Әлмұратов баяндама жасап, зерделеу жұмыстарының барысына кеңінен тоқталды. Оның сөзінше, мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысында бірқатар кемшіліктерге жол берілген. Атап айтқанда, Байзақ ауданы Түймекент, Дихан, Суханбаев, Үлгілі, Көктал және Кұмжота 7,6 шақырым жол жөндеу жұмыстары баяу жүргізілген. Нәтижесінде, барқатар жолдың бөлінген жерлері анықталған. Ал, Жамбыл ауданы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасында көрсетілген 7 спорт кешені бүгінгі таңда бар болғаны 3-і басталған (Айшаби би 2021ж., Жалпақтөбе, Пригородное, және Гродиково 2022 ж біту керек) нысандарына бөлінуі тиіс қаражаттар толық бөлінбеген, есесіне аталған құрылыс нысандары 2023 жылға қалдырылғандығы белгілі болды.

Сондай-ақ, Жуалы ауданы бойынша Б.Момышұлы ауылында спорт кешені салынуда, қаражат мөлшері 362 392,0 мың. теңге ағымдағы жылы тапсырылу керек болса, аталған спорт нысанының белгіленген уақытта тапсырылмау қаупі бар, себебі спортзалдың жөндеу жұмыстары стандартқа сәйкес келмеуіне байланысты салалық басқарма тарапынан қолдау таппаған. Ал, Меркі ауданы Сармолдаев ауылдық округіндегі салыну керек спорт сауықтыру кешені жалпы сомасы 394,1 млн.теңгеге бөлінуі керек болса, бүгінгі таңда бұл қаражат бөлінбеген. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасы тағы да орындалмауда, – деді Б.Әлмұратов.

Мұнан соң облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Басқарма басшысы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2019 — 2021 жылдары 93 ауылда жалпы бюджеттен бөлінген 18,6 млрд.теңгеге 332 жоба қаржыландырылғанын жеткізді. Нәтижесінде, 36 білім нысаны, 10 денсаулық сақтау нысаны, 23 мәдениет нысаны 23 спорт нысаны,  31 тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысаны және 337 шақырымды құрайтын ауылішілік көшелердің жолдары орташа жөндеуден өтіп, 3 мыңға жуық жұмыс орындары құрылыпты.

Кеңес мүшелері басқарма басшысына бірқатар ұсыныстар берді. Атап айтқанда, аталған бағдарлама аясында салынып жатқан нысандарды қабылдап алуда партияны да араластыру қажеттігін жеткізді. Себебі, мердігер тарапынан сапасыз құрылыстардың қатары артқан. Бұл орайда, Гүлдана Әлімжанқызы мұндай шараларға қарсы еместігін, керісінше қоғамдық бақылауды күшейтуге назар аударылып келе жатқанын тілге тиек етті.

Келесі кезекте комиссия мүшесі Керімқұл Бегалиев тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік бағаларына жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесін хабарлады. Яғни, өңірдегі дүкен сөрелерінде рожки 1,8 %-ға, тұздалмаған сары май 1,5 %-ға, күріш 1,2 %-ға, айран 0,9 %-ға қымбаттаған. Ал күнбағыс сары майы 0,8 %-ғақарақұмық жармасы 3,6 %-ға арзандаған.  

Ал кәсіпкерлік және индустиялды-инновациялық дамыту бағдарламалары басқармасы басшысының орынбасары Гүлнұр Жорабекова Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жататын көкөністердің 2024 жылғы маусымаралық кезеңге барлығы 6690 тонна көлемінде тұрақтандыру қорына форвардтық келісім-шарты жасалынғанын жеткізді. Атап айтқанда, Магнум және сауда желісіне «айналым схемасы» арқылы қаржыландырып барлығы 94 тонна тауарға келісім-шарт жасалынған. Бұдан өзге, 155 ірі сауда дүкеніне делдалсыз жыл басынан бері 1871 тонна 9 тауар (ұн, тауық еті, сүзбе, тұздалмаған сары май, рожки, жұмыртқа, тұз, қант және айран) түрі бойынша тікелей жеткізу жұмыстары ұйымдастырылған.

Басқосуда комиссия мүшелері қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігін және ақпараттандыру жұмыстарының ақсап тұрғанын жеткізді. Сондықтан жауапты сала басшыларына осы кемшіліктердің орнын толтыру туралы ұсыныстар берілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support