Қайраткер тұлға Қабылбек
Қайраткер тұлға Қабылбек
Бұдан кейін, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев бастаған бірқатар аға буын өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жалпы, аядай ауылдағы білім ұясында өткен конференция жоғары дәрежеде ұйымдастырылды деуге негіз бар. Бұл ретте мектеп директоры Гүлжамал Мұратованың, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балжан Исламова мен аудандағы белсенді нәзікжандылардың бірі Мейрамкүл Жексембіқызының еңбегі зор. Айта кетейік, 1898 жылы дүниеге келген Қабылбек Сарымолдаев Әулиеатадағы төрт жылдық училищені тәмамдаған. 1916 жылы «Қазақ жастарының революциялық одағы» жұмысына белсене қатысқан ол 1918 жылы уездік революциялық әскери комитеттің төрағасы қызметін атқарып, Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі болады. 1919 жылы Әулиеатада уездік атқару комитетінің төрағалығына сайланған оның қызмет бабында жоғарылауы 1938 жылы «Халық жауы» деп танылғанша жалғасын табады. Нақтылай түссек, Қ.Сарымолдаев түрлі жылдары Орынборда Қазақ АКСР Ішкі істер Халық комиссарының орынбасары, Ташкент облыстық атқару Комитетінің төрағасы, Хорезм Республикасы Халық Комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ АКСР халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының мүшесі, төрағасы, Қазақ АКСР Тамақ өнеркәсібі халық комиссарының орынбасары қызметтерін атқарған.
Берікбай ҚАДЫҚОВ,
журналист.
Меркі ауданы