- Advertisement -

Гүл шоқтары қойылды

77

- Advertisement -

Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. 1920-1950 жылдары Кеңестер Одағы бойынша 4 миллионға жуық адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақтың қаншама қабырғалы тұлғалары сол солақай саясаттың құрбандарына айналды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.

Кеше саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, жамбылдық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен қала тұрғындары саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алды. Еске алу шарасына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қатысып, тағзым етті.

Тараз қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі осы зұлмат заманда жапа шеккен жандардың құрметіне қойылған ескерткіштің маңында өтті. Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, ашаршылық тақырыбын кеңінен зерттеу ісі де қолға алынды.

Зұлмат жылдардың құрбандарын әрқашан есте сақтап, рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Үздіксіз жалғасқан саяси науқандар мен қуғын-сүргіннен есін жия алмай жатқанына қарамастан, қазақ халқы тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарды бауырына басты. Кеңестік биліктің пәрменімен қазақ жеріне қоныс аударған сол этностар өкілдерінің барлығы бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналды.

Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес.

 

Гүлсім ДӘУЛЕШ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support