- Advertisement -

Көмек қай кезде де қажет

70

- Advertisement -

Көмек тек апат кезінде ғана емес, басқа уақытта да ауадай қажет. Бұл қағиданы облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары жақсы түсінеді. Түсініп қана қоймай, мұндай игі істерден олар әркезде тыс қалмауға тырысады.

Мәселен, бүгінде «төтеншеліктер» тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедек жандарға, көпбалалы әрі аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, оларға мүмкіндігінше киім-кешекпен және азық-түлікпен көмектесуді әдетке айналдырған. Мұндай шараға әр тоқсан сайын облыстың барлық аудандарында орналасқан өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінің жеке құрамдары да жиі атсалысып келеді.

Жалпы, қайырымдылық шарасы қай уақытта ұйымдастырылса да, әрі қанша мәрте өткізілсе де көптік етпейтіні белгілі. Жақында облыс орталығындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қала тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа жаздық киімдер мен бірінші қажеттіліктегі азық-түлік алып берді. Ал мүмкіндігі шектеулі азамат болса өз кезегінде от жауынгерлеріне шын жүректен алғысын жаудырды. Жарайсыңдар, еліміздің кең пейілді азаматтары!

 

Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support