- Advertisement -

Батаменен ел көгерер

81

- Advertisement -

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі ұлттық салт- дәстүрлер мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында «Батаменен ел көгерер» тақырыбында облыстық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеу, өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу; батаның ғибраттарын ұрпақ бойына сіңіру. Аталған байқауды облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесі ұйымдастырады. Байқаудың шарты бойынша оған әр қаладан және ауданнан жасы 60-тан асқан аға буын өкілдері қатыса алады.

Байқаудың шарттары мен ережелері Тараз, Шу аудандық ардагерлер кеңестеріне қосымша жіберіледі. Байқау екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезең қалалық және аудандық деңгейде 14 сәуір — 12 мамыр аралығында өтті.

Облыстық байқауға қатысушылар туралы толық ақпарат 12 мамырға дейін облыстық билер кеңесіне жолдануы тиіс.

Екінші кезеңде аудандардан, қалалардан іріктелген батайгөйлер, «Батаменен ел көгерер» облыстық байқауына жолдама алады.

Облыстық байқау 2023 жылғы 2 маусым күні А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында сағат 11.00-де өтеді.

 

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support