Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

39

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы 2023 жылдың 31 мамыры күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

  1. Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің есебі туралы.
  2. «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы №40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы №19-4 шешімін жою туралы.
  4. «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.

Депутаттарды тіркеу 2023 жылдың 31 мамыры күні сағат 10.30-да басталады.

Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» Youtube платформасы арқылы көре аласыздар.

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы А.НҰРАЛИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support