- Advertisement -

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары аяқталды

67

- Advertisement -

Жамбылдық шаруалар 770,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызып, биылғы көктемгі дала жұмыстарын аяқтады.

Өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға ұлғайған егіс алқабының 216,3 мың гектарына жаздық масақты дәнді дақылдар, 72,1 мың гектарына майлы дақылдар, 44,8 мың гектарына көкөніс дақылдары, 18,8 мың гектарына дәндік жүгері, 16,9 мың гектарына бақша дақылдары, 11,8 мың гектарын картоп, 10,8 мың гектарына қант қызылшасы, 27,9 мың гектарына бір жылдық және 30,8 мың гектарына көпжылдық шөп себілді.

Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 89,8 мың тонна тұқым толығымен қамтамасыз етіліп, 6893 дана ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға бөлінген 15,5 мың тонна дизель отынының 14,0 мың тоннасы 204-214 теңге аралығында таратылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы егіс алқаптарына 54,0 мың тонна тыңайтқыш алу жоспарланса, бүгінгі күні шаруалар тарапынан 12,6 мың тонна тыңайтқыштар алынып, 31,6 мың гектарға пайдаланылды.

Айта кету керек, биыл дала жұмыстарына облыстағы 78 шаруашылық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,0 млрд. теңге несие алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support