- Advertisement -

Ерекше экспозициялар көрмесі

86

- Advertisement -

Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен республика бойынша алғаш рет арнайы зағип жандар үшін «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты «Тифломузей» жобасы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде жәдігерлерден экспозиция жасақталды.

Заманауи үлгідегі QR-код қойылған экспозиция мүмкіндігі шектеулі азаматтарға смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы орта ғасырлық тарихқа саяхат жасауға мүмкіндік берді. Іс-шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева ашып, игі жұмысқа сәттілік тіледі.

Іс-шараның мақсаты – ерекшелігіне қарамай, әр адамға музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау. Алғашқы күні QR-код 30 жәдігерге қойылса, келесі кезекте тас дәуірі жәдігерлерінен қазіргі заман тарихына дейін қамтылып, аталған жоба сурет әлемі мен ұлттық қолөнеріміздің қыр-сырымен таныстырумен жалғасты. Көрмеге №2 арнаулы «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары мен қызметкерлері, студенттер мен кітапхана оқырмандары, музей қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ, облыстық соқырлар қоғамының мүшесі Ермек Атоқозиев зағиптарға арнап музейде экспозициялық бұрыш ашқаны үшін көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қызметкерлеріне алғысын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support