Пробациядағы адам бас бостандығынан айырылды
Пробациядағы адам бас бостандығынан айырылды
Жалпы, сотталғандардың арасында түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Мәселен, «Шартты түрде», «Пробациялық бақылау» және «Құқықтық тәртіп» шаралары барысында есепте тұрғандардың сот жүктеген міндеттерін орындамай, жазасын өтеуден жалтарып жүргендері, анықталуда. Ал, «Есептегі тұлға» атты республикалық профилактикалық іс-шара аясында бірнеше заң бұзушылықтар орын алғаны белгілі болып отыр. Осы жылдың 15 және 25 мамыр күндері аралығында өткен шара барысында 98 құқықбұзушылық анықталса, 7 азаматқа сот үкімі шыққан. – Бұл күндері облыс бойынша ҚАЖ департаменті Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің есебінде тұрғандар арасында бірнеше заң бұзушылықтар анықталды. Нақтылай түссек, есепте тұратын С есімді азаматтың сот жүктеген міндеттерді бірнеше рет өрескел бұзғаны белгілі болды. Тексеріс барысында ер адамның түнгі мезгілде тұрғылықты мекенжайында болмаған. Пробация қызметкерлерінің ұсынысына сай, осы азаматқа қатысты онлайн сот отырысы өтіп, нәтижесінде №2 қалалық соттың үкімімен оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады. Жалпы, жазаның өтеу тәртібін бұзу – бас бостандығынан айыруға апаратын бұл жағдай есепте тұрған басқада сотталған азаматтарға сабақ болады деп үміттенеміз, – дейді №3 қалалық пробация бөлімі бастығының міндетін атқарушы, әділет капитаны Шолпан Ақзымалиева.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.