- Advertisement -

Алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

9

- Advertisement -

Меркі ауданының полиция бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған 30 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел оны жылдық мөлшері 2,5 пайызбен 886 000 теңге көлемінде несие алуға көмектесетініне сендірген. Несиенің төмен пайыздық мөлшерлемесі арқылы қызықтырған күдікті әйелдің сенімін пайдаланып, телефон арқылы несие рәсімдеуге және шотына 886 000 теңге көлеміндегі ақшаны аударуға көндірген.

 Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы облысының 22 жастағы тұрғынын ұстап, оның осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Нақтылай түссек, ол осы жылдың 20 қаңтарында дәл осындай тәсілмен Меркі ауданының 58 жастағы тұрғынының сеніміне кіріп, одан 1 000 000 теңгені алдап алғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда осы дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

 

Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support