- Advertisement -

Жыл басынан бері 210 қару тәркіленді

78

- Advertisement -

Өңірлік полиция департаментінің қызметкерлері Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған және заңсыз сақталған қаруды іздеп, тәркілеу бойынша күшейтілген жұмыстарды жалғастыруда. Тәртіп сақшылары жыл басынан бері 210 бірлік қару тәркілеген. Оның 37-сі 2022 жылдың қаңтарында полиция департаментінің қоймасынан ұрланғаны анықталып отыр.

– Қару-жарақтың негізгі бөлігі жасырын көмілген орындардан анықталды. Сондай-ақ, 3674 оқ-дәрі алынды. Бұдан бөлек, Тараз қаласындағы зираттан қару-жарақ табылды. Полицейлер 16 калибрлі «ИК-18» маркалы бір ұңғылы, 16 калибрлі «700 АТМ-У» маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтық және «МР-79-9 МТ» травматикалық мылтығын тәркіледі, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері тағы бір қару жасырылған орынды облыс орталығындағы ескі бос ғимараттан тапқан. Онда қаптың ішінен 16 калибрлі «ИЖ-26» маркалы қос ұңғылы аңшылық мылтық, 16 калибрлі «ИЖ-17» маркалы бір ұңғылы кесілген аңшылық мылтық, патрондары бар «ИЖ-СПЛ-01» маркалы тапанша табылды. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы теміржолдардың маңынан 16 калибрлі «ИЖ-ЗК» маркалы бір оқпанды аңшылық мылтық, «Байкал» маркалы травматикалық тапанша, «Скорпион» электрошокері және 27 оқ-дәрі табылды. Ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды құқық бұзушылар негізінен шаруа қожалықтарының аумағында сақтайтыны белгілі.

Мәселен, осы жылдың мамыр айының басында Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақбұлым ауылының шетіндегі шаруа қожалығының аумағындағы сарайдан 16 калибрлі «ИЖ» маркалы бір оқпанды аңшылық мылтығын тауып, тәркіледі. Барлық деректер бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

 

Есен ӨТЕУЛІ

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support