- Advertisement -

Тазалық өзімізден басталса игі

104

- Advertisement -

Экологиялық департамент тарапынан жүргізілген бақылау жұмыстары барысында өткен жылы 67 субъекті тексерілді. Оның 20- сына профилактикалық бақылау жүргізілсе, 26-сы жоспардан тыс қаралып, 21-і бақылауға алынған. Бақылау қорытындылары бойынша 93 экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталса, оның 52-сі өрескел, жалпы 87-сіне кемшіліктерді жою үшін тиісті нұсқамалар берілді.

Мемлекеттік экологиялық бақылау барысында қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бағытында табиғат пайдаланушыларға 36 миллионнан астам теңге көлемінде 87 нұсқама беріліп, 33 миллион теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. 8 әкімшілік іс құзыреті бойынша сот органдарына жіберілді.

Бұдан бөлек, департамент «Тараз металлургия зауыты», «Амангелді Газ», «Talas Investment Company», «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС мен «Жамбыл-су», «Қазфосфат» және «Минералды тыңайтқыштар» сынды кәсіпорындарға тексеріс жүргізілді. Сонымен қатар, департамент өкілдері Жуалы аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Талғат Қуатбековтің өтініші негізінде, «Бурный сүт компаниясы» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасы талаптарының экологиялық заңнамасының нормалары мен талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру өткізді. Жүргізілген тексеру нәтижесінде биологиялық тазарту стансасы кәсіпорынға сенімгерлік басқаруға 5 жыл қолданылу мерзімі бар 27.08.2014 жылғы шарт негізінде сатып алу құқығынсыз берілгені анықталды. Бұдан әрі, қолданылу мерзімі өткеннен кейін бұл шарт ұзартылмаған, сенімгерлік басқаруға беру туралы жаңа шарт жасалмаған. Сенімгерлік басқаруға берілген сәттен бастап және осы уақытқа дейін биологиялық тазарту стансасы жұмыс істемеген. Осының салдарынан кәсіпорын ағынды суларын «Теріс» өзеніне тазартусыз құйып отырған. Бұл Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 222-бабы 10-тармағының талаптарын бұзу болып табылады. Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар фактісі бойынша департаментпен «әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 331-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, департамент Тараз қаласы прокуратурасының «Жамбыл с у» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне қатысты ұсынысы негізінде, жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында дренаждық канал арқылы жобалық параметрлерден асатын қалалық ағындардың Аса және Көктем өзендерінің су объектілеріне 1,5 есе түсетіні анықталды. Осы бұзушылықтар үшін кәсіпорын ҚР ӘҚБтК 331-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК 331-бабының 1-бөлігі бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 1 225 200 теңге айыппұл салынды, ол бүгінгі таңда мекеме тарапынан ерікті тәртіппен өндірілді. «Жамбыл су» МКК нұсқамаларды орындау шеңберінде 20 гектар алқапқа қосымша 12 сүзу алаңының картасын салды. Қазіргі таңда рельефке ағызу жүзеге асырылмайды және кәріз ағындары су объектілеріне түспейді.

Есепті кезеңде департамент атына келіп түскен 139 өтініштің тек 36-сы (26%) «Аклер ГРУПП ЮГ» және «ECO-Mega City» ЖШС-нен кәдеге жарату қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдарына қатысты (Санит МиБ ЖК, Адер ЖК, МиБ кәдеге жарату ЖК, «Алди и К» ЖШС). Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұза отырып, атап айтқанда Экологиялық кодекстің 336, 207-баптарын, ҚР СТ 3498-20197 қауіпті медициналық қалдықтар жөніндегі ұлттық стандарттың талаптарын бұзатын қауіпті медициналық қалдықтарды лицензиясыз шығару және кәдеге жарату және газдарды тазартуды орнатпай қызметін жүзеге асырған.

Шағымдарды қарау барысында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 339-бабы 3-бөлігінің талаптарын бұзу фактілері анықталды, ол қалдықтарды Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 336-бабына сәйкес лицензия негізінде қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаға иелік етуге берген сәтке дейін қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етпеу және нәтижесінде қысқартылған іс жүргізу бойынша жалпы сомасы 5 651 237 теңгеге 27 әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, 3 талап арыз сот қанағаттандырған инсинератордағы газдарды тазартуды орнатқанға дейін «Инсинератор» пешін пайдалану бөлігіндегі қызметті тоқтата тұру үшін сот органдарына жіберілді.

Департамент Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі тұрғындарының өтініші негізінде «Алель Агро» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша жергілікті жердің рельефіне сарқынды суларды ағызуға жол бермеу жөнінде нұсқама берілді, анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК 328-бабының 1-бөлігі аясында 5 055 577 теңге айыппұл салынды. «Алель Агро» ЖШС қан араласқан ағынды суды толығымен сорып, жерді бульдозермен теңестіріп, тікелей әдіспен қалпына келтірді.

Жыл сайынғы тексерулерден кейін «Гвардиялық АПБ» РММ қазандықтың жұмысын көмірден электр энергиясына ауыстырды. Атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының көлемі 28 пайызға дейін төмендетілді.

2020 жылы Департамент ЖАО мен Жамбыл облысының қоғамымен бірлесіп 15 тармақтан тұратын «2021-2024 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешенді шешудің жол картасын» (бұдан әрі – жол картасы) әзірледі, сондай-ақ облыс әкімімен келісіліп және Экология министрімен бекітілді.

Жол картасы Жамбыл облысының өзекті экологиялық проблемалық мәселелерін қамтиды, бұл: облыстың елді мекендерінде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін полигондардың болмауы, Тараз қаласында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытының болмауы, рұқсат етілмеген қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері, Тараз қаласындағы кәріз тазарту құрылыстары мен кәріз жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жай-күйі және басқа да мәселелер. Елді мекендерде оларды газдандыру, автокөлікті газға ауыстыру, фосфогипс қалдықтарын кәдеге жарату, абаттандыру және көгалдандыру іс-шаралары көзделген.

Тоқсан сайын Департамент пен ЖАО облыс тұрғындары мен қоғамына жол картасын орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндайды. Оның ішінде ҚТҚ полигондарын экологиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша: облыста коммуналдық меншіктің 158 полигоны және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру құжаттары бар ұйымдастырылған қоқыс үйінділері жұмыс істейді. 2021 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде арнайы қоршаусыз 61 полигон тіркелді.

Жасыл белдеулер мен инфрақұрылым құру үшін Тараз, Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларының, ауылдық елді мекендердің айналасына жер учаскелерін бөлу: 2022 жылғы жоспар бойынша моно қалаларда – Шу, Жаңатас, Қаратау және Тараз қаласында 65 мың дана ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Өткен жылы жоспар 102 пайызға орындалды, 66,5 мың дана ағаш отырғызылған.

Экопатрульдеу (рейдтер) жүргізу және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою: 2022 жылғы маусымнан бастап ғарыш мониторингінің нәтижелері бойынша облыс аумағында 157 стихиялық қоқыс үйінділері анықталды. Оның 120-сы жойылды, қалған 37-сі ұйымдастырылған қоқыс үйінділері, яғни қалдықтарды орналастыруға рұқсаты бар. Қазіргі таңда толық тазартылды. Полигон ретінде көрсетілген орындардың координаттарын растау үшін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі басқармасына жүгініп, ғарыш мониторингінің геопорталынан Байзақ ауданында – 9, Таласта – 3, Жуалыда – 3, Мойынқұмда 1 нүктелері алынып тасталды. Қалған орындарды – Жамбыл – 1, Меркі – 1, Т.Рысқұлов – 1 және Шу – 18 геопорталдан алып тастау жұмыстары жүргізілуде.

 

Арсен ЛАТЫПОВ,

Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support