- Advertisement -

Ғани Бейсембаев оқу жылының неліктен ұзарғанын айтты

215

- Advertisement -

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылын қорытындылады.

«Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Министрлік алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – биылғы оқу жылын табысты аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру, әрі қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету», — деді министр Үкімет отырысында.

Биылғы жаңалық – елімізде оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

«Бұл шешімнің басты себептері: балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-ана өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу; оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсынысы; оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ЭЫДҰ елдерінде оқу жылы 40 аптаны құрайды», — деп түсіндірді Ғ.Бейсембаев.

Оның айтуынша, әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support