- Advertisement -

Тараз – елімізде алғашқы болып дүниежүзілік қолөнершілер қаласы тізіміне енді

138

- Advertisement -

Жамбыл облысында ағымдағы жылы мәдениет саласына 11,9 млрд. теңге бөлініп, 14 нысанның құрылысы және 4 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жыл қорытындысымен халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 84,8 пайызға жететін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді.

Сонымен қатар, облыс аудандарындағы мәдениет үйлеріне қазіргі таңда қосымша 94 штат беріліп, 143 үйірме ашылды.

Жалпы, 2027 жылға қарай облыстағы 34  елді мекенге мәдениет үйін салып, өңірдегі мәдениет нысандарының қажеттілігін 100 пайызға жеткізу көзделуде.

Облыс әкімі жастар саясатының жүзеге асу барысына тоқталып, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында өңірдегі 10022 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 344 жас 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алғанын жеткізді.

— Кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 347 жасқа 1 миллиард 735 миллион теңге жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыздық шағын несие берілуде. Қазіргі таңда жалпы 616,1 миллион теңгеге 134 жоба мақұлданған. Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасағына 136,2 миллион теңге бөлініп, 1900 жұмыссыз, уақытша бос жүрген NEET санатындағы жастарды маусымдық жұмыстарға тарту көзделуде,-деді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл өңірінің бір ерекшелігі ретінде – ЮНЕСКО-ның тізіміне енген тарихи орындары көп, табиғаты бай аймақ екендігін атап өткен облыс басшысы облыстың туризм саласына да тоқталып өтті.

Айта кетейік, өткен жылы Тараз қаласы дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне еніп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы статусына ие болған болатын.

Қазіргі таңда өңірдің туризм саласында 7,4 млрд.теңгеге 6 инвестициялық жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылы 1,2 млрд. теңгеге «Алмалы» демалыс орталығы және «Koksai resort» демалыс аймақтары іске қосылды.

Аймақ бамсшысы өз сөзінде облыс орталығы – Тараз қаласында атқарылып  жатқан жұмыстарды қысқаша баяндады.

-Біз имидждік жобалардан бас тартып, бар күшімізді әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсап отырмыз.

Бүгінде қаладағы 2 көшені қайта жаңғырту, 118 көшені орташа жөндеуден өткізу,
қаланың барлық ирригация жүйелерін қалпына келтіру, 7 тұрғын алқапта ауыз су құбырының құрылысы және 2 темір жол өткелін салуға сметалық құжаттар әзірлеу сияқты ауқымды жобалар іске асуда,-деді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support