- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ОКҚ алаңында өткен брифингте цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

29

- Advertisement -

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен облыс әкімдігі арасында 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 165 елді мекенде мобильді интернет желісінің сапасын 4G–ге арттыру, 28 елді мекенді электр желілері мен антенна-діңгек құрылысымен, 155 елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісімен, республикалық және облыстық маңыздағы жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету сияқты міндеттер тұр. 

«Жалпы алғанда 2025 жылдың соңына дейін облыстағы елді-мекендер 100% 4G-мен қамтылатын болады», — деді өңір басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support