- Advertisement -

Жамбыл облысында туризмді дамытуға мол мүмкіндіктер бар – өңір әкімі

107

- Advertisement -

Жамбыл өңірі ЮНЕСКО-ның тізіміне енген тарихи орындары көп, табиғаты бай аймақ. Былтыр Тараз қаласы дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне еніп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы статусына ие болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте облыс басшысы Нұржан Нұржігітов мәлім етті. 

Қазіргі таңда туризм саласында 7,4 млрд теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылуда. 

«2023 жылы 1,2 млрд теңгеге 2 жоба іске қосылды. «Жанды сабақтар», «Көктем көркі-қызғалдақ» фестивалі және «City bus» жобалары аясында 45 экскурсиялық тур ұйымдастырылып, онда 2500 адам қамтылды. Биыл өңірге келуші туристер санын 145 мыңға жеткізу көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», — деді Н. Нұржігітов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support