Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құруға» қатысты тапсырмасына сәйкес, биыл 13 мың 400 жұмыс орнын ашу жоспарланған, оның 4486-сы құрылды
Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құруға» қатысты тапсырмасына сәйкес, биыл 13 мың 400 жұмыс орнын ашу жоспарланған, оның 4486-сы құрылды
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың мәліметінше, 2023 жылы 54,2 мың адамды жұмыспен қамтуға 13,5 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық. «Осы жұмыстардың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың саны жыл сайын азаюда. Облыстың даму жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін барлығы 83,7 мың жұмыс орнын құру көзделген», - деді облыс әкімі ОКҚ алаңында.