- Advertisement -

Жамбыл облысында 5 мыңға жуық ауыл тұрғыны өз кәсіптерін бастайды

86

- Advertisement -

Биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша қосымша 24 млрд теңге бөлінеді. 

«26 ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғынды несиелендіру көзделген. 2024-2025 жылдары республикалық бюджет есебінен 45,5 млрд теңгеге қалған 103 ауылдық округтегі 490 мың тұрғын қамтылмақ. Нәтижесінде, ауыл тұрғындарының орташа табысы 135 мыңға артаады», — деді өңір басшысы Нұржан Нұржігітов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Бұдан бөлек, осы жоба іске асқан елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз ету қолға алынды.

2019 жылы Жамбыл облысында басталған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетіп, Президент оны ел көлемінде масштабтандыру жөнінде міндет жүктеген болатын. Жоба басталғалы 18,3 млрд теңге бөлініп, 24 ауылдағы 4 мыңға жуық адам өз кәсіптерін бастады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support