- Advertisement -

Газет – оқырманымен қымбат

174

- Advertisement -

Қоғамда «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегенді жиі айтамыз. Ал, газетті дәл осы сипатқа сай ету редакцияның әрбір қызметкеріне тікелей байланысты. «Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек» дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол бағамдап берген бұл ұстаным аймақтың жылнамашысына айналған ата басылымдардың айнымас темірқазығы бола білді. Бұған дәлел – сарғайған газет парақтары, тәуелсіздік жылдарынан кейін  түрлене түскен басылымдардың бүгінгі бет- бейнесі. Жамбыл облысындағы «AULIEATAMEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Aq jol», «Знамя Труда» және «Ar-ai» газеттері бүгінде оқырманның көңіл биігінен орын алған басылымдар қатарында. Әрбір тұрғынның өтініші, талап-тілегі газет бетінде басылып, тіпті шешілу жолына да атсалысып жатқаны рас.

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының қабылдауында болды. Жиынға ауылдық округ әкімдері мен бірқатар бөлім басшылары да қатысты.

Жиында бас директордың орынбасары Алпамыс Қазыбаев ЖШС құрамындағы облыстық газеттері жайлы айта келіп, жалпы басылымның орны мен рөлі жайлы әңгімелеп, газетке жазылған мұғалімдер мен бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жеңілдіктер барын айтып өтті. Яғни, газетке жазылғандығы туралы түбіртекпен келген оқырманның жұмысы жайлы мақаласы бір рет тегін берілетіндігін, сондай-ақ, қазақ баспасөзіне деген көзқарас сайып келгенде, қазақ руханиятына деген көзқарас екенін, сондықтан ұл-қызының келешегін, ұлттың келешегін ойлайтын ата-ана, басшы, азамат бұл мәселеге жете мән беруі керектігін жеткізді.

Ал, Ерназар ауылдық округінің әкімі Ержан Жолбай мақаланың қандай жағдайда ақылы болатынын сұраса, Гродеково ауылдық округі әкімінің орынбасары Рахматулла Исаев басылымға ылғи қолдау білдіретінін, дегенмен облыстық газеттер ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде әлеуметтік желіде балалардың санасын улап жатқан бірқатар мәселелерге шектеу қоюға журналистер қауымы атсалысса деген пікірін білдірді. Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Төрехан Тапжанов мұндай форматтағы жиындар ауылдағы түрлі мекеме, ұйым және ауыл тұрғындарының қатысуымен өткізілсе мазмұнды боларын айтты.

Жиынды қорытындылаған Ерлан Қыдыралыұлы газет оқу мәдениеті – қашанда талғамы жоғары оқырманның талабы екенін, баспасөзге жазылу басты назарда болатынын, БАҚ арқылы өңірдегі болып жатқан жаңалықтарды оқып, біліп отыратынын айтып, барлық бөлім басшылары мен округ әкімдері бұл бастаманы қолдайтындығына сенім білдіретінін жеткізді.

Сондай-ақ, оқырмандармен кездесу Байзақ ауданында да жалғасты. Аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов жиналған көпшілікке бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны туралы айтып өтті. Өз сөзінде «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, облыстық «Aq jol» газетінің шолушысы Амангелді Әбіл, облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы Татьяна Борисенко, облыстық «Ar-ai» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбек газеттің жұмыс барысымен және бағытымен таныстырып, көпшілікті газет жұмысына қолдау көрсетуге шақырды.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Жамбыл,

Байзақ аудандары

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support