Әлеумет

Жамбыл облысында биыл 10 мектеп пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында биыл 10 мектеп пайдалануға беріледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев брифинг беріп, өзі жетекшілік ететін ішкі саясат, білім, дін, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, мәдениет, архивтер және құжаттама салаларында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндама жасады. Спикер өз сөзінде өңірде 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейтінін, облыстағы 371 елді мекеннің 32-сінде этностар тығыз орналасқанын айтып өтті. Сондай-ақ «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында 2023 жылдың сәуір айынан бастап Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Шу, Қордай аудандарында жоспарлы жұмыстар жүргізілгенін тілге тиек етті.

2023 жылы 10 мектеп және 4 мектептің қосымша құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Келесі жылы 7 мектеп және 3 мектептің қосымша құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Еркін Үйсімбаев брифинг соңында БАҚ өкілдерінің мемлекеттік тілдік ортаны қалыптастыру, ашық аспан астындағы музей, архив мекемесіне жаңа ғимарат беру, спорт саласында жарақат алған спортшыларға жағдай жасау сынды сауалдарға жауап берді.