Мәдениет

Мәдени тұжырымдама мәйегі

Мәдени тұжырымдама мәйегі

Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен 2014 жылдың 4 қарашасында «Қазақстан Республика­сы­ның мәдени саясатының тұжырымдамасы» бекітілгені аян. Осы тұжырымда­маның қолданысқа енуіне ықпалды мәдени ошақтардың бірі – кітапхана. Мәдениет саясатының тұжырымдамасымен танысу, ондағы көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу мақсатында Облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың қызметкерлері дөңгелек үстел басына жиналды. Маңызды құжат бөлімдерінде көрсетілген тапсырмалардың өзекті екендігіне ерекше тоқталып, осылар бойынша кітапханада біраз жұмыстардың атқарылып жатқандығы да сөз болды. Мәселен, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың негізгі зияткерлік ресурсы болып табылатын электронды кітапхана құруға біздің де атсалысып жатқанымыз анық. Кітапханада «Құнын жоймаған құнды кітаптар» жобасы дайындалып, құнды кітаптарды сандықтау жұмысы жасалып жатыр. Сонымен бірге, жергілікті ақын-жазушылармен келісім-шарт негізінде кітапта­рын сандықтап, электрондық нұсқасы әзірленді. Қашықтықтан пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында сайтқа салынып, оқырмандар таныса алады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кітапхана қорына жаңа әдебиеттер келіп, оның қоры құнды кітаптармен толықты. Мемлекеттік мәдени саясат қоғамды рухани, мәдени, ұлттық біріктіруге және адамгершілігі мол, өзіндік ойы бар шығармашыл, жауапты тұлғалардың қалыптасуына да жол ашады. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі дөңгелек үстел барысында кеңінен айтылды

Гүлнұр Алтынбекова, Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың әдіскері.