- Advertisement -

Суда шомылу ережесін сақтау маңызды

86

- Advertisement -

Су – тіршілік көзі. Ол болмаса адамзаттың өмір сүруі мүмкін емес. Сонымен қатар, ата-бабаларымыздың «от пен су – тілсіз жау» деген ескертулерін есімізден шығармауымыз керек.

Меркі ауданы гарнизонының қызметкерлері жергілікті жерлерде судағы қауіпсіздікті сақтау, арнайы суға түсуге белгіленбеген орындарда суға түспеу, ата-аналардың жаз маусымында балаларын қадағалаусыз қалдырмау жөніндегі жүргізіліп жатқан ескертпе, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанына қарамастан, облыс, аудан бойынша жыл сайынғы көрсеткіштерге қарасақ, адамдардың жазғы суға түсу маусымында қаза болу оқиғалары азаяр емес.

Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Дегенмен, су сенің «досың» ғана емес, «дұшпаның» екенін де естен шығармаған жөн. Өйткені, жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері шараларын орындамауының соңы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан, осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, 17 маусым күні ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің және №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, бірнеше мектептерде балаларға және аудан тұрғындарына «Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары», «Орман дала өрттерінің алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Судағы қауіптен қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау екенін ұмытпағанымыз жөн.

 

Мырзахан БАУЫРБЕК,

№9 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры.

Меркі ауданы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support