Жол қателікті кешірмейді
Жол қателікті кешірмейді
Оқиға орнына Жуалы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің 1 автокөлігі мен құрамында 5 адам бар жеке құрамы шұғыл аттанды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар оқиға орнына жеткенше кездейсоқ жолаушылар жол апатына түскен автокөлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні шығарып алған. Авариялық-құтқару құралдарының көмегімен құтқарушылар көлік ішінде қысылып қалған екінші адамды шығарып, «Жедел жәрдеммен» Жуалы аудандық ауруханасына жөнелткен. Осыған орай, облыстың төтенше жағдайлар департаменті жалпы автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әрдайым үйде отбасы мен жақындарыңыздың күтіп отырғандығын естен шығармай, сақтық шараларын сақтау қажет. Жол қателікті кешірмейтіндігін естен шығармайық.
ТЖД баспасөз қызметі.