«Садыханда» сабақ өтті
«Садыханда» сабақ өтті
Сабақты өткізуге аталған өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен жеке құрамының 8 қызметкері жұмылдырылды. Сабақтың басты мақсаты – өрт сөндіру қызметінің басшы және қатардағы құрамының объектідегі шартты өртті сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасының барлық мәселелерін практикалық пысықтау, сондай-ақ объект персоналымен өзара іс-қимылды пысықтау. Бөлімшелердің алдына қойылған міндеттер сәтті орындалды, сабақ нәтижесінде барлық қажетті әрекеттер тиісті деңгейде пысықталды. Қорытындыда ескертулер мен кемшіліктерді көрсете отырып, талдау жүргізілді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар басқармасының мамандары медициналық орталықтың қызметкерлерімен өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша нұсқаулық өткізіп, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бар жадынамалар таратты.
Қайрат АЛМАБЕК,
төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.
Тараз қаласы