«Есептегі тұлға» атты республикалық профилактикалық іс-шара өтуде
«Есептегі тұлға» атты республикалық профилактикалық іс-шара өтуде
Бұл күндері Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің есебінде тұрғандар арасында бірнеше заң бұзушылықтар анықталды. Нақтылай түссек, С есімді есептегі азаматтың сот жүктеген міндеттерді бірнеше рет өрескел бұзғаны белгілі болды. Тексеріс барысында ер адамның түнгі мезгілде тұрғылықты мекен-жайында болмағаны анықталған. Пробация қызметкерлерінің ұсынысына сай, осы азаматқа қатысты онлайн сот отырысы өтіп, нәтижесінде №2 қалалық соттың үкімімен оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады. Айта кетейік, шара аясында заңды бұзған өзге де 7 азаматқа қатысты сот үкімі шықты.