Экономика

Жамбыл облысында биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 27,4 млрд. теңге субсидия бөлінді

Жамбыл облысында биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 27,4 млрд. теңге субсидия бөлінді

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын жемісті жүзеге асыру маңызды. 2019 жылы облыста басталған пилоттық жоба өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетіп, Президент оны ел көлемінде масштабтандыру жөнінде міндет жүктегені белгілі. Жоба басталғалы 18,3 млрд. теңге бөлініп, 24 ауылдағы 4 мыңға жуық  адам өз кәсіптерін бастады».  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек мәлімдеді.

Сондай-ақ, жыл басынан бері өңірде ауыл шаруашылығы саласында 57,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,6 млрд. теңгеге артты (2022 жылы – 52,9 млрд. теңге).

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі