«Ауыл аманаты» ауылды дамытатын жоба
«Ауыл аманаты» ауылды дамытатын жоба
Биыл ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында салаға 21,9 миллиард теңге қаржы бөлініп, бүгінге дейін 6,6 миллиард теңгесі шаруаларға субсидия ретінде төленіп берілген. Нәтижесінде жыл басынан бері салада 57,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 миллиард теңгеге артты. Оның ішінде егін шаруашылығында 679 миллион теңгенің, мал шаруашылығында 56,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 5,7 миллиард теңге инвестиция тартылса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 179 миллион теңге инвестиция салынған. Басқарма басшысының айтуынша, жер емген диқандар көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындықпен кірісіп, бел жазбай еңбек етуде. – Көктемгі дала жұмыстары 97,5 пайызға орындалды. Бүгінгі күні облыс бойынша 108,4 мың гектар алқап жыртылып, 461,6 мың гектар алқап өңделді. Қажетті 89,8 мың тонна тұқым толығымен қамтамасыз етілді. 216,3 мың гектар жаздық масақты дақылдар, 30,6 мың гектар көпжылдық шөп, 43,1 мың гектар көкөніс, 66,2 мың гектар майлы дақыл, 10,4 мың гектар қант қызылшасы, 16,9 мың гектар бақша, 11,8 мың гектар картоп, 27,9 мың гектар біржылдық шөп және 18,3 мың гектар дәндік жүгері себілді. Жалпы, жаздық дақылдар 441,7 мың гектарға егілді. Үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 15,5 мың тонна дизель отыны бөлінсе, оның 14,7 мың тоннасы жеткізілді. 14 мың тонна дизель отыны белгіленген 14 оператор арқылы шаруаларға 204- 214 теңге аралығында таратылды. Тарату жұмыстары 95,6 пайызға орындалды. Дала жұмыстарына 6 893 ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылған. Оның 4529-ы трактор, 1 071-і соқа, 746-сы дәнсепкіш, 457-сі қопсытқыш және 90-ы тұқым дәрілегіш техникалар. Биыл 280 мың гектар алқапқа 54,0 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланса, бүгінгі күні шаруашылықтарға 10 456 тонна тыңайтқыш жөнелтілді. Шаруашылықтарды қажетті минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда. 2023 жылы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасына 1 миллиард теңге қарастырылып, бұл қаржыға облыстағы 78 шаруашылық несиелендірілді,– дейді Н.Жігітеков. Жоғары өнімге қол жеткізудің негізгі факторының бірі – ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы. Сондықтан, 2023 жылы техникаларды 12 пайызға жаңарту мақсатында 1 508 ауыл шаруашылығы техникасын алу жоспарланған. Қазірге дейін 337 техника алынып, жаңару көрсеткіші 2,7 пайызды құрады. Жалпы, облысымызда ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнімнің 42 пайыздан аст амы ма л шаруашылығы саласына тиесілі. Биыл облыстағы мал саны 4,8 миллионды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға артыпты. Сондай-ақ, биыл ауыл шаруашылығында бірқат ар жарқын жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. – 2023 жылы облыста жалпы құны 11 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асырып, 225 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жобалардың негізгі бағыты – су үнемдеу технологияларын енгізу, сүт өнімдерін өңдеу, көкөніс сақтау қоймалары, бордақылау а лаңдары, сүт тауарлы фермалары, құс және балық шаруашылықтары, – деген Нұрби Рахметханұлы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында қолға алынған жұмыстарды баяндады. 2023 жылы жобаға 24 миллиард теңге бөлініпті. Ал 2024-2025 жылдары республикалық бюджеттен 45,5 миллиард теңге бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданған. Аталған қаржыға 17 мыңға жуық кәсіпкерге несие беру көзделуде. Міне, байқағанымыздай, мемлекет тарапынан салаға серпін беру мақсатында барлық жағдай жасалуда. Қолдау қомақты. Тиісінше қайтарымы да көңіл қуантарлықтай.