Қордай
Қордай
Аудан әкімі Қайрат Досаев ережесіз жекпе-жектен жуырда Сингапурде өткен турнирде қарсыласын бірінші раундта сұлатып салған Игорь Свирид пен Түркияда панкратионнан әлем чемпионы атанған Қазбек Сағынды қабылдап, жерлестері атынан сый-сияпат көрсетті. Қарасу ауылындағы Пушкин атындағы мектепті 2004 жылы бітірген Игорь содан бері осы спорт түрімен айналысады. 84 келі салмақтағы оның биылғы көктемде Шешенстанның астанасы Грозный қаласында «Grand Prix Berkut» атты аралас жекпе-жектен халықаралық турнирдегі зор жеңісін жерлестері тамашалаған болатын.